Президент Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Президенттің Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойғанын хабарлады.

Ақорда
Фото: Kazinform

- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген ресми құжатта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, Президент телекоммуникация нарығын дамыту туралы заңға қол қойды.