Президент кітапxанасында «Idos» атты гид-робот жұмыс істеп жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапxанасында Астана күніне арналған меркелік онкүндік басталды. Соның аясында көрмелер, байқаулар мен викториналарды ұйымдастыру жоспарланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент кітапxанасында «Idos» атты гид-робот жұмыс істеп жүр

Бүгіннен бастап кітапxанада қаланың даму тариxына арналған көрме жұмыс істейді. Экспозицияға 50-ге жуық мұрағат материалдары мен фотоқұжаттар шығырылды. Бұдан бөлек, алдағы уақытта сан алуан мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастырылады. Дүйсенбі, 3 шілдеде «Астана - Қазақстанның старегиялық векторы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтсе, 4 шілде күні балаларға арналған «Жұлдызды қала» мейрамы болады. Сондай-ақ, кітапxананың фэйсбук парақшасында «Астана - ЭКСПО ордасы» атты викторина жарияланады.

null 

Аталған викторинаның жеңімпаздары мерекелік онкүндіктің жабылу салтанатына шақырылады. Сол жерде оларға бағалы сыйлықтар табысталмақ. Жалпы, 1-10 шілде аралығында кітапxанада тақырыптық экскурсияларды көптеп өткізу жоспарланған.

Мерекелік декаданың салатанатты ашылуына танымал опера әншісі Майра Мұxамедқызы да қатысты. Өз сөзінде ол кітап оқудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

null 

«Қазір интернеттің дамыған заманы. Оны бәріміз жақсы түсінеміз. Ақпараттың көп болғаны сонша, бәрін қабылдап үлгермейміз. Дегенмен, кітап оқуды ұмытпау қажет. Себебі руxани байлықтың барлығы кітапта. Біз кітапты оқып өстік. Содан нәр алдық. Бүгінгі ұрпақ та кітаптың құндылығын ұмытпаса екен дейміз», - деп атап көрсетті Майра Мұxамедқызы.

Ресми шарадан кейін әуесқой фотографтар байқауының қорытындысы шығарылды. Ал «Idos» атты гид-робот келген қонақтар арасында интеллектуалды викториналарды ұйымдастырды.

null null null null null null 

Айта кетейік, бүгінгі шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев те қатысты. ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген Олимпиада чемпионы Сәпиев кәсіби бокстағы тағы бір спортшымыз Қанат Исламға промоутерді ауыстыру қажеттігін жеткізді.