Президент Қызылорда облысындағы Өнер орталығын аралап көрді

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қызылорда облысындағы Өнер орталығына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Қызылорда облысында
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы көрермен залын аралап көріп, облыстық симфониялық оркестрдің дайындық барысын тамашалады.

Президент Қызылорда облысындағы Өнер орталығын көрді
Фото: Ақорда

Мың орынға арналған көп функционалды Өнер орталығы былтыр ашылған. Кең әрі заманауи үлгідегі ғимарат құрылысына 3,7 миллиард теңге жұмсалған. Мұнда концерттер, шығармашылық кештері мен түрлі қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Орталықта бірнеше шығармашылық ұжым орналасқан.

Президент Қызылорда облысындағы Өнер орталығын көрді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2022 жылдан бері облыста 18 мәдениет нысаны ашылғаны туралы мәлімет берілді. Соның ішінде 7 заманауи «Руханият» орталығы, музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен шалғай елді мекендерде мәдениет үйлері салынды.

Президент Қызылорда облысындағы Өнер орталығын көрді
Фото: Ақорда

Әкімдік мәдениет саласы қызметкерлерін баспанамен қамту, мамандардың біліктілігін арттыру және озық тәжірибені енгізу бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Президент Қызылорда облысындағы Өнер орталығын көрді
Фото: Ақорда

Осыған дейін Президент Нұрлыбек Нәлібаевқа инвестициялық климатты жақсарту бағытында бірқатар тапсырма берген болатын. 

Президент Қызылорда облысындағы Өнер орталығын көрді
Фото: Ақорда

 

 

Соңғы жаңалықтар