Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейкпен кездесу өткізді

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 24 наурызда Ақордада Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі көмекшісі Роберт Блейкпен кездесу өткізді.

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин АҚШ Мемлекеттік хатшысының  көмекшісі Роберт Блейкпен кездесу өткізді

Келіссөздер барысында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша пікірлер ортаға салынды.

Кездесу аясында бұрын қол жеткізген келісімдерді тәжірибе жүзінде іске асырудың маңыздылығына, өзара мүдделі барлық сұрақтар бойынша екі жақты ынтымақтастықты нығайту қажеттілігіне баса назар аударылды.