Президент: Қорықшы-инспектор Қаныш Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорықшы Қаныш Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетілетіндігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қорықшы-инспекторлар Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспанов мемлекетіміздің табиғи байлығын қорғау жолында ержүректілік көрсетті. Олардың ерлігін мақтан тұтамыз!

Қ.Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі. Оның есімі мәңгі жадымызда сақталады. Иманды болсын!», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Президент қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Еске сала кетсек, Ақмола облысының Жарқайың ауданында киік аулағандар ізіне түскен екі инспекторды атып жарақаттаған. Кейінірек жарақат алған қорықшының бірі қайтыс болғаны хабарланды .

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айта отырып киіктерді атқаны үшін жазаны күшейтуді тапсырды. Ал ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Президент тапсырмасына сәйкес қылмыстық заңнама күшейтілетін мәлім етті.

Ал, ҚР ІІМ қорықшыны өлтірген күдіктілерді қалай тапқанын айтып берді.

Соңғы жаңалықтар