Президент көтерме-тарату орталықтары желілерін іске қосу жұмыстарын сынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерме-тарату орталықтары желілерін іске қосу жұмыстары ұзаққа созылып кеткенін сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы екі жылдан астам уақыт бұрын көтерме-тарату орталықтары желілерін қамти отырып, Ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосуға тапсырма бергенін еске салды.

«Алайда Үкімет оны орындау қадамдарын ұзаққа созып жіберді. Жоспарлар мен жария мәлімдемелер қағаз жүзінде қалды. Ірі кәсіпкерлермен бірлесе мемлекеттік-жекешелік серіктестік схемасы бойынша көтерме-тарату орталықтарының құрылыс жобалары жүзеге асырылмай қалды», - деді Президент.

Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Тоқаев осы салада атқарылған жұмыстар бойынша қазан айында Үкімет баяндауы тиіс екенін атап өтті.

Осы орайда Президент бұл салаға қызығушылық танытқан инвесторларды тартуды тапсырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болғанын айтты.


Фото: vitalbgs.com
Соңғы жаңалықтар