Президент Кубогы: Әбілхан Аманқұл жартылай финалға шықты

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Бокстан Астанада өтіп жатқан Президент Кубогы додасында бүгін 75 келі салмақта сынға түскен Әбілхан Аманқұл жарыстың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқапарт тілшісі.

Президент Кубогы: Әбілхан Аманқұл жартылай финалға шықты

Естеріңізге сала кетейік, Әбілхан кеше алғашқы жекпе-жегінде ирандық қарсыласынан басым түсіп, ширек финалға өткен болатын.

Сондай-ақ бүгін 60 келіге дейінгі салмақта Әділет Құрметов пен Әлімжан Бескемпір шаршы алаңға шығып, Құрметов жеңіске жетсе, Сұлтан Заурбек Мейірболат Тоитовтан айласын асырып кетті.

Жарыстың финалдық айқастары 10 маусымда өтеді. Жарысқа қазақ спортшыларынан бөлек, Өзбекстан, Иран, Үндістан, Тәжікстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Украина, Ресей, Моңғолия және Қырғызстан елдерінің боксшылары қатысып жатыр.