Президент Кубогы: финалистер анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада бокстан өтіп жатқан ҚР Президенті Кубогының финалына шыққан жұптар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Кубогы: финалистер анықталды

Турнир 13 салмақ дәрежесі бойынша (10 ерлер арасында және 3 әйелдер арасында) өтуде. Ертең финалдық додалар Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

49 келі:
Асхат Жүсіпов (Қазақстан) - Карло Палаам (Филиппины);
52 келі:
Олжас Байниязов (Қазақстан) - Азат Махметов (Қазақстан);
56 келі:
Ілияс Сүлейменов (Қазақстан) - Марио Фернандес (Филиппины);
60 келі:
Әділет Кұрметов (Қазақстан) - Сұлтан Зәіурбек (Қазақстан);
64 келі:
Бекдәулет Ибрагимов (Қазақстан) - Қуан Қуатов (Қазақстан);
69 келі:
Садриддин Ахмедов (Қазақстан) - Бобо-Усман Батуров (Өзбекстан);
75 келі:
Әбілхан Аманқұл (Қазақстан) - Сапарбай Айдаров (Қазақстан)
81 келі:
Ян Хе Юн (О. Корея) - Бек Нұрмағанбет (Қазақстан);
91 келі:
Василий Левит (Қазақстан) - Чауан Гаурав (Индия);
+ 91 келі:
Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) - Нұрлан Сапарбай (Қазақстан).