«Президент кубогы» турнирінде қазақстанстандық жас футболшылар бразилиялықтармен тең түсті
АЛМАТЫ. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда жасөспірімдер арасында 2-ші рет өтіп жатқан «Президент кубогы» турнирінде қазақстандық «Семей-93» футбол клубы кеше Орталық стадионда алғашқы ойынында Бразилияның «Оле Бразил» клубымен 1:1 есебімен тең түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Б» тобында сынға түсіп жатқан семейлік футболшылар екінші ойынын бүгін «Футбол ленд» спорт кешенінде Нидерландының «АДО Ден Хааг» (Гаага), ал Сан-Паулодан келген бразилиялықтар ресейлік «Рубин»(Қазан) клубымен өткізеді. Сондай-ақ «А» тобында сынға түсіп жатқан Мәскеулік «Спартак» пен ЦСКА және Әзірбайжанның «Академия» ( Баку) және Қырғызстанның «Абдыш-Ата» (Кант) командалары кездеседі.
Алғашқы ойында «Рубин» «АДО Ден Хааг»-тан 2:1, «Спартак» ЦСКА-дан 2:1 есебімен, ал «Абдиш-Ата» «Академия»-дан 1:0 есебімен басым түскен болатын. Бұл байрақты бәсекенің ақтық ойындары сәуірдің 30-ы күні өтеді. Былтыр алғашқы турнирде Түркияның Ыстамбұл қаласынан келген «Бешикташ» командасы жеңімпаз атанған болатын.