Президент кубогын адай жылқылары жеңіп алды
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Кубогы үшін Астана қаласында өткен алыс қашықтыққа халықаралық ат жарысында Маңғыстаудан барған адай жылқылары алдына қара салған жоқ.
Адай жылқылары 2011 жылы Алматыда өткен Азия біріншілігінде жүлделі 3 орынды да ешкімге бұйыртпай, алтын, күміс, қола жүлдені еншілеген болатын. Одан кейін Ресейдің Рязань қаласында өткен ТМД елдері кубогында 1,2 және 4 орындарды қанжығаға байлаған еді.
Міне енді кеше Астанада өткен аламанда Маңғыстау тұлпарлары 80 шақырым қашықтықта 1,2 орындарды, ал 120 шақырым қашықтықта 1,3 орындарды еншіледі.