Президент кубогында Ибрагимов та Қазақстан қоржынына «алтын» салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бекдәулет Ибрагимов Астанада өтіп жатқан «ҚР Президенті кубогы» дәстүрлі халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Президент кубогында Ибрагимов та Қазақстан қоржынына «алтын» салды

64 килограмға дейінгі салмақ додасының финалында ол өзбекстандық Иқболжон Холдаровты жеңді.

Алда Қазақстан және Өзбекстан спортшыларының тағы бір финалы бар, бұл жолы Бек Нұрмағанбетов Бектемір Меліқузиевпен күш сынасады.
Еске сала кетейік, 56 килограмға дейінгі салмақта әлем чемпионы Қайрат Ералиев алдына жан салмаған болатын.
Фото: kfb.kz