Президент құқықтық көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы мақұлдады

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Президенттің құқықтық көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы мақұлдағанын жазды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Фото: Ақорда

- Мемлекет басшысы «2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген ақпаратта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға хат жолдағаны хабарланды.