Президент күніне орай Астана симфониялық оркестрі концерт қойды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Ақмола облысының Целиноград ауданында Астана симфониялық оркестрінің концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Аудандық мəдениет үйінде ұйымдастырылған шарада аудан әкімі Мəлғаждар Таткеев жиналған көпшілікті осынау айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
null  

Мерекелік шара барысында көрермендер медицина ғылымдарының докторы, эндохирургия кафедрасының профессоры, еліміздің жетекші хирургі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Өткен жылдардың танымал әндері" атты республикалық  байқаулардың лауреаты Серік Имақұлы Тоқпановтың өнерін тамашалады. Концерт Алексей Абаев жетекшілік ететін "Астана" симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.  Серік Имақұлы ескі әндерді  шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Медицина саласының майталманы, тәжірибелі дәрігердің ән өнерінен жанына рахат тауып, үлкен әсерге бөленетіні шындығында таңғаларлық жағдай болды.

null

Сонымен қатар, мәдениет  үйінің фойесінде ҚР Президентінің жарқын сәттері бейнеленген фотокөрме ұйымдастырылды.
Кеш соңында "Болашақ" қоғамдық ұйымының бастамасымен лотерея ойыны ұйымдастырылып, ұтысқа қысқа толқынды пеш, электр пеші, шаңсорғыш, ұялы телефон тəрізді сыйлықтар қойылды. Одан түскен қаржы мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық сыйлық сатып алуға жұмсалады. 

Соңғы жаңалықтар