Президент күніне орай бес елдің әуесқой теннисшілері бақ сынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Тұңғыш Президент күніне орай әуесқой теннисшілер арасында бесінші ашық чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент күніне орай бес елдің әуесқой теннисшілері бақ сынайды

null null null
Жалпы, Беларусь, Ресей, Испания, Өзбекстан және Қазақстаннан, барлығы 104 әуесқой теннисшілері жарысқа келген.

null  

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында теннис қана емес, өзге де спорт түрлері дамып келеді. 25 жыл ішінде Қазақстан әлем спортында өзінің орнын алып үлгерді», - дейді Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев.

null null null  

Оның айтуынша, соңғы он жыл ішінде еліміз бойынша 100 жабық корт, 12 аймақта  теннис орталықтары ашылған.

«Бір аптадан кейін салтанатты түрде Атырау қаласында жаңа теннис орталығын ашамыз. Осылайша, Қазақстан бойынша теннис орталығы жоқ бір аймақ қана бар. Ол - Солтүстік Қазақстан облысы. Дегенмен, бір аптадан кейін Петропавл қаласында да теннис орталығы ашылмақ», - деп хабарлады Д.Досқараев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа қатысып жатқан спортшының ең үлкені - 65  жастағы әуесқой теннисші екен.

null null null null null null