Президент: Қытаймен шекарада транзиттік жүктер өтіп, өз жүгіміз қалып қойып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен шекарада қаңтарылып тұрған жүк мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әуелі Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың экспортты ілгерілетуген бағытталған шаралар туралы баяндамасын тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев шикізат экспортын ұлғайту Үкіметтің алдындағы өте маңызды мәселе екенін ескертті.

Ол үшін экспорттың көлемін тежеп тұрған кедергілерді жою, алыс-беріс географиясы мен номенклатурасын кеңейту бағытында Үкіметтің жұмылып жұмыс істеу қажеттігі де айтылды.

Мемлекет басшысы әсіресе Қытаймен екі арадағы шекарадан өзгенің транзиттік тауары өткенімен, өзіміздің тауар өтпей жатқанынна алаңдаушылық білдіріп, Сыртқы істер министрлігін осы іске де атсалысуға шақырды.

«Қазақстаннан Қытайға жүк әкелуге қойылған шектеулерге қатысты қордаланған мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді. Транзиттік жүктер өтеді, ал біздің жүктеріміз шекарада қалып қояды. Қазақстандық тауар тиелген мыңдаған вагон бекеттерде тұр. Бизнес тікелей Президенттен көмек сұрайды. Мұндай жағдайларда Үкімет жедел әрекет етіп, серіктестермен арадағы барлық мәселені реттеуі тиіс», – деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар