Президент латын әліпбиінің алғашқы нұсқасын неге қайтарды
«Тәуелсіздік алғаннан кейін партия тарады. Сол партиядан қатты қорқушы едік қой. Енді, ешкімнен қорықпаймыз. Сол кезде мен Қазақстанның бас идеологы болдым. Сонда маған танымал лингвистер келіп, тәуелсіз ел болдық қой, латын әліпбиіне көшейік деді. Мен бірден келісе кеттім. Ол кезде белгілі бір қиындықтардың бар екенін білмедік. Сөйтіп, академик Әбдуәлі Қайдар бастаған ғалымдар тобы латын әліпбиінің алғашқы нұсқасын дайындап берді», - дейді Мырзатай Жолдасбекұлы.
Оның айтуынша, алғашқы нұсқа оған бірден ұнады. Сосын бәрі Президентке барды. Нұрсұлтан Назарбаев барлық ғалымдарды мұқият тыңдап шықты. Біраз сұрақтарын қойды. «Сосын бәрі дұрыс, бірақ асықпайық деді. Латын әліпбиінің уақыты да келетінін жеткізді. Міне, ол уақытқа да келдік», - деп атап көрсетті ғалым.
Айта кетейік, бүгінгі отырыста Дарxан Мыңбай латын әліпбиін қолдануда "ҚазАқпараттың" еңбегін ерекше атап өтті. Ал Аxмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек қазақстандықтар арасындағы "ә", "ө", "ү" сияқты қазақ әріптерінің латын нұсқасына қатысты сынына жауап берді . Отырыс соңында ұйым мүшелері латын әліпбиін енгізуге қатысты жалпыxалықтық үндеу жасады .