Президент Малайзия Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қазақстан Малайзиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өткен. Сондай-ақ Президент ортақ күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің игі бастамаларына сәттілік, ал Малайзия халқына бақ-береке тіледі.
Осыған дейін Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.