Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Касым Жомарт Токаев и Нурлан Ногаев
Фото: Akorda

Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

«Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған» - делінген хабарламада. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.