Президент Мәскеудегі «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш-мемориалына гүл шоғын қойды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Мәскеудегі «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш-мемориалына гүл шоғын қойды

Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Содан соң Қазақстан делегациясының алдынан Құрмет қарауылы салтанатпен сап түзеп жүріп өтті.


Фото:t.me/bort_01