Президент мембағдарлама нәтижелері жайында: Үкімет мұның себебін анықтауы тиіс
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржыны жергілікті жерде көбірек қалдыруға мән берген жөн. Бұл туралы Үкіметтің кеңетілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен бұған дейін бюджетаралық қатынастың жаңа жүйесін қалыптастыру туралы тапсырма берген болатынмын. Осы тапсырманы тағы да естеріңізге саламын. Бұл ретте қаржыны жергілікті жерде көбірек қалдыруға мән берген жөн», -деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті елімізде 3 жылдан бері «Қарапайым заттар экономикасы» атты бағдарлама жүзеге асырылып жатқанын еске салды.
«Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - ішкі нарықты халық тұтынатын отандық тауармен қамтамасыз ету. Алайда осы кезеңде экспорт көлемі бұрынғы деңгейде қалып, импорттың үлесі 8 пайызға өскен. Үкімет мұның себебін анықтауы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.