Президент мемқызметтің алдағы реформасы туралы айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі реформа ашық және тиімді модельді қалыптастырады. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау рәсімінде мәлім етті.
«Мемлекеттік қызмет жүйесінің алдағы реформасы ашық әрі тиімді модельді қалыптастырады. Оның аясында қызметкерлер азаматтардың құқығын сыйлап, олардың заңды мүддесіне қызмет етеді», - деп тоқталды Елбасы.
Н. Назарбаев белгіленген реформа сот жүйесін бейтарап әділ ететіндігін, ал жекеменшік құқығы берік қылатындығын қадап айтты.
«Инвестициялық сот әділдігі мен үздік халықаралық тәжірибе үлгісіндегі халықаралық арбитражды орталық еліміздегі бизнес-климатты әлемдегі ең тартымды етеді», - деп түйді Президент.