Президент мемлекетті басқарудағы кемшіліктерді көрсетті – Азат Перуашев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ақ жол» партиясының төрағасы, парламенттік фракция жетекшісі Азат Перуашев Президенттің қыркүйектің басындағы халыққа Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мемлекет басшысының Жолдауы елдің қазіргі жағдайына сәйкес және пандемия кезінде мемлекетті басқарудағы кемшіліктерді көрсетіп берген, қоғамның өзгерістерге үмітті екенін ескеріп жасалған құжат болды. Көп жағдайда Президент мәселелерді ашық көтеріп, олардың шешімдерін іздестіруді ұсынды. Сонымен қатар, кейбір проблемаға Президент жауапкершілікті өзіне алып, нақты тапсырма берген. Әсіресе Президенттің әлеуметтік саладағы шешімдері ерекше орында тұр. Мәселен келесі жылы зейнетақы қорындағы қаражатты халықтың тұрғын үй мен емделу үшін пайдалана алуы, тұрғын үй бағдарламаларын жақсарта алуы, мұғалімдер мен дәрігерлердің жағдайлардың көтерілуі, инфекциялық ауруларды салу туралы тапсырма бергенін білесіздер», - деді Азат Перуашев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша кәсіпкерлер Мемлекет басшысының экономикалық бастамаларынан үлкен үміт күтіп отыр.

«Мысалы бәсекелестікті дамыту және қорғау жөніндегі агенттікті құру туралы шешімі туралы айтылды. «Ақ жол» депутаттары 2019 жылы Үкіметке сауал жолдап, мемлекеттік монополия мәселесін көтеріп, бәселестікті қорғауды сұраған еді. Үкімет ол кезде бәрі жақсы деген сыңайда жауап берген болатын. Бірақ Президент атқарушы биліктен гөрі депутаттардың пікіріне жақын екенін көрсетті», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар