Президент мемлекеттік тілді еркін меңгеруге міндетті - ОСК

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жимбай/ - Президент мемлекеттік тілді еркін меңгеруге міндетті және кез келген басқа мемлекеттік қызметкер жіберетін қателіктерге бой алдырмауы керек.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде еліміздегі шетелдік дипломатиялық миссия өкілдеріне арнайы брифинг өткізген ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті.

«Мемлекеттік тілді меңгеру - Конституция талабы», - деп атап өткен оның айтуынша, мемлекеттік тілді еркін меңгеру Конституциялық кеңестің талаптары бойынша заңнамаға сәйкес құрылған лингвистикалық комиссияның отырысында белгіленеді.

В.Фоостың айтуына қарағанда, Президенттікке кандидатқа қойылатын мемлекеттік тілді меңгеру талабы айтарлықтай қатаң емес. Олар екі беттік шығарма жазып, мемлекеттік тілдегі үш беттік мәтінді оқуға және лингвистикалық комиссия ұсынған тақырыпта 15 минут сөз сөйлеуі қажет. Ал аталған комиссияның мүшелері Мәдениет министрлігі кеңес берген еліміздің ең беделді мамандары қатарынан Орталық сайлау комиссиясымен таңдап алынған.

Сонымен қатар алғашқы сыннан сүрінген У.Қайсаров жайына тоқталған В.Фоостың атап өтуінше, ОСК-нің кандидаттың тілді меңгеру деңгейін бағалауға еш қатысы жоқ. Тек лингвистикалық комиссияның қорытындысы негізінде шешім шығарады.

Соңғы жаңалықтар