Президент: Мемлекеттің әлеуметтік саясаттағы рөлі шектеліп, қолдау осал қорғалған топтарға жасалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке жаңа әлеуметтік саясатты әзірлеуді тапсырды.
None
None

«Мемлекеттің әлеуметтік саясаттағы рөлі шектелуі тиіс, сол арқылы әлеуметтік қолдау шаралары тек қана осал қорғалған санатқа жасалуы керек. Сонымен қатар, мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегі тек қана осы көмекке мәжбүр жандандарға беріледі. Бұл ретте азаматтардың нақты кірістері мен өмір сүру жағдайлары да бағалануы керек. Қалған барлық санаттағылар өздерінің күндерін өздері көріп, өздерінің еңбегімен табыс табулары тиіс. Бұл - ең дұрыс шешім», - деді Н. Назарбаев.

Бұл ретте Елбасы азаматтардың жекелеген санаттарының ерекше қажеттіліктерін ескере ала отырып, «күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасын әр түрлі белгілеу» керектігін атап өтті.

«Бізде қазір шахтер мен металлург үшін де, зейнеткерлер де басқалар үшін де күнкөрістің ең төменгі деңгейі бірдей. Бұны қайта қарау керек. Үкіметке үш айдың ішінде әлеуметтік қамтамасыз етуді оңтайландыру туралы ұсыныс жасауды жүктеймін», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар