09:30, 23 Маусым 2024 | GMT +5
Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM - Президент Мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады.
– Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, 23 маусым - Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні.