Президент Metal Former зауытының өндіріс желісімен танысты

 Мемлекет басшысы жабынды мен қаптама материалдарын шығаратын «Metal Former» ЖШС-нің өндіріс желісімен танысты, деп хабарлайды Kazinform.

тоқаев
Фото: Ақорда

Ішкі нарыққа шығарылатын зауыт өнімі шетелден импортталатын алюминий профильдерді 15 пайызға дейін, ал шатыр жабындылары мен фиброцемент панельдер импортын 40 пайызға дейін алмастыруға мүмкіндік береді.

тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына өндіріс цехы мен дайын өнімдер көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев импорттан келетін құрылыс материалдарын өзіміздің отандық өнімдер алмастыруы керек екеніне назар аударып, мұндай кәсіпорындарды қолдаудың маңызын атап өтті.

тоқаев
Фото: Ақорда

Сондай-ақ Президент зауыт жұмысшыларына табыс тіледі. 

тоқаев
Фото: Ақорда

 

Соңғы жаңалықтар