«Президент милі» жүгірісіне 2643 адам қатысты

АСТАНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Тамыздың 14-15-і аралығында өткен Спорт күні аясында жексенбі күні 2643 адам қатысқан, 2400 метр қашықтыққа созылған «Президент милі» бұқаралық жүгірісі болды.
None
None

Жарыс сағат 12.00-де «Хан шатыры» сауда-ойын орталығында басталып, «Бәйтерек» монументінде аяқталды.

Қызметкерлері жүгіріске белсенді қатысқан мемлекеттік орган жетекшілері, атап айтқанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әділ Шаяхметов, Республикалық гвардияның қолбасшысы Абай Тасболатов, қаржы министрі Болат Жәмішев көтермелеу грамоталарына ие болды.

Әйелдер арасындағы алғашқы алты орынды Кәмила Баранник, Жақсыгүл Мұсылман, Нүргүл Сүлейманова, Ардана Кишлярова, Светлана Имангажина, Шынар Рахат алды.

Ерлер арасында Кұдайберген Зейнуллаев, Александр Щекотихин, Никита Девяткин, Арыстан Әмірбеков, Айдын Сапарханов, Аслан Досымбековтер жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар