Президент мұражайы балалардың шат-шадыман күлкісіне толды

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы балалардың шат-шадыман күлкісіне толды.
None
None

Бұл жерде елорда күніне арналған «Астанам - бақыт қаласы» атты балалар мерекесі өтті.

Астана қалалық №11 «Гауһар» балабақшасының бүлдіршіндері Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігін көрсететін сан түрлі халықтардың билерін орындап, өз өнерлерін паш етті. «Астана» әнін шырқап, ата-аналар мен жиналған жұртты тәнті етті. «Бүгінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы мектепке дейінгі балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Ол үшін Астана қаласының Білім басқармасымен тиісті келісім де бар. Қазіргі таңда балғындардың бойында өзге ұлттарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастырып, патриоттық сезімді ұштау аса маңызды. Сол себепті біз осы іспетті шараларды жиі өткізуге тырысамыз», - дейді мұражай директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Соңғы жаңалықтар