Президент Н. Назарбаевтың «G-global» идеясы жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе - Ханон Барабанер

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Президент Н. Назарбаевтың  «G-global» идеясы жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе. Бүгін елордада өтіп жатқан V Астаналық экономикалық форум барысында  «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы»

Президент Н. Назарбаевтың  «G-global» идеясы жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе - Ханон Барабанер

қауымдастығы үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Ханон Барабанер осындай пікір білдірді.

«Бүгінгі күні әлем экономикасы дағдарыстық күй кешіп, әлемдік валюта мен банктік жүйелер, технология мәселелері тығырыққа тіреліп отырғаны белгілі. Әлеуметтік күйзеліс құбылысы да өршіп тұр. Ендеше бұндай жағдайда тек ұжымдық күш-жігер ғана оң жолға апаратыны тағы айқын. Ал осындай ұтымды бағытты «G-Global» ілкі идеясымен байланыстыруға болады. Өйткені, біз «G-8», «G-20» секілді құрылымдар бар екендігі туралы айтқанда, олардың тек таңдаулылар клубы екендігіне мән бермей жатамыз. Ал жаһандық полижүйелі дағдарыс бұндай ауқымды мәселеге әлем елдерінің басым көпшілігінің қатысуын талап ететінін көрсетіп отыр. Президент Н. Назарбаев ұсынған «G-global» идеясы да осы тұрғыдан өзекті», - деді Ханон Барабанер.

Оның айтуынша, елдер ағымдағы дағдарыстан барынша жемісті шығулары үшін бірқатар аса маңызды, тірек боларлық серпінді құрылымдар құрылуы шарт. «Бұндай құрылымдар тек халықаралық негізде ғана қалыптасуы керек. Ал біздің форум сондай құрылымдарды қалыптастыруға мұрындық болып, мүмкіндікке жол ашатын маңызды пікір алаңы» - деді сарапшы.