Президент Назарбаев қатысқан «Түнгі студия» хабарының толық видеосы жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Түнгі студия» бағдарламасының Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан саны 29 қараша күні сағат 23.15-тен бастап көрсетілді. Бағдарламаның толық видеосы «Қазақстан» телеарнасының сайтында жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, осы аптаның басында Мемлекет басшысы «ҚазМедиаОрталығына» барып, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларын қабылдаған болатын.