Президент: NVIDIA басшысының идеялары біз үшін маңызды
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасында жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі NVIDIA басшысының ұсыныстарын жоғары бағалады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялады.
— Дженсен Хуангқа Ақордада өткен нәтижелі кездесу және жасанды интеллектіні дамыту, оны Қазақстан экономикасында, әсіресе ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану мәселелерін талқылағаны үшін алғыс айтамын. Сіздің идеяларыңыз бен ұсыныстарыңыз біз үшін үлкен практикалық маңызға ие, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
I thank @JensenHuang for a productive meeting and discussions at Akorda on advancing AI and its practical applications in Kazakhstan’s economy, particularly in agriculture. Your insights and advice are of great practical value to us. https://t.co/6bgbe3toSN
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) October 24, 2026
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады.
NVIDIA басшысы Қазақстанды Physical AI әлемдік хабына айналдыруды ұсынды.
Осыған дейін америкалық NVIDIA технологиялық компаниясы Қазақстанның жасанды интеллектіні дамытуға қажетті есептеу қуатын арттыру бағытындағы жобалар туралы материал жариялады.