Президент өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум өткізу жөннідегі бастамашы топтың Мемлекет басшысына үндеуі

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі Президент өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум өткізу жөніндегі бастамашы топтың Мемлекет басшысына үндеуін жариялайды.

Президент өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум өткізу жөннідегі бастамашы топтың Мемлекет басшысына үндеуі

***

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Біз Сіздің өкілеттігіңізді 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі республикалық референдумның бастамашылары Сізге, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасына үндеу жасап отырмыз.

Біздің бастамамыз қоғамда айырықша серпіліс туғызды және 5 миллионнан астам қазақстандықтар, яғни сайлаушылардың 55 пайызы референдум өткізуді қолдап, өз қолдарын қойды. Бұл Сіздің жүргізіп отырған саяси бағыттың бүкілхалықтық қолдауға ие екенін барынша айқындылықпен дәлелдейді.

Республика Конституциясына сәйкес биліктің жалғыз қайнар көзі халық болып табылады және сол халық Сізді алдағы онжылдықта елімізді өмір сүру деңгейі жоғары саналатын әлемнің дамыған мемлекеттері қатарына қосуға қабілетті көшбасшы ретінде санайды.

Сайлаушылардың өз ерік-қалауын білдіруі мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтуға, оның ілгері дамуына және азаматтарымыздың әл-ауқатының артуына бағытталған Сіздің қажырлы қызметіңізге берілген шынайы баға.

Тәуелсіздіктің өткен 19 жылы ішінде елдің жалпы ішкі өнімінің 16 еседен астам өскенін атап айтудың өзі жеткілікті. Жалақы, зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдер ұдайы өсіп келеді. Жаңа мектептер, ауруханалар мен мәдениет үйлері бой көтеруде.

Кең ауқымды бағдарламалар, соның ішінде Қазақстанның индустриялық әлеуетін түпкілікті жаңартуға және мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін елдің үдемелі-индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы іске асырылуда.

Өзінің дәл бүгінгідей халықаралық зор беделге ие болуында Қазақстан нақты Сізге, әлемдік деңгейдегі көшбасшыға қарыздар. Бұған Семей сынақ полигонының жабылуы мен ядролық қарудан бас тарту, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, интеграциялық бастамаларыңыз бен өзге де қолға алған істеріңіз ықпал етті.

Сіздің басшылығыңыздың арқасында Қазақстан айтулы жеңістерге қол жеткізді. Алайда алдымызда атқарар іс көп және дем берушісі өзіңіз болып отырған барлық бастамалар нақ Сіздің басшылығыңызбен жалғасын тапқаны аса маңызды. Сіздің баға жетпес тәжірибеңіз бен қайсар мінезіңіз, мемлекетшіл тұлғаңыз және ешбір дағдарыстар мен сынақтарға бой алдырмай елдегі барлық істердің тыныс-тіршілігін әрдайым сезіп-біліп отыратын қабілетіңіз оларды іске асырудың кепіліне айналған.

Бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен отбасындағы береке ел үшін мақтаныш сезім және келешекке деген сенім референдум өткізу идеясын бүкіл халық болып қолдаудың алғы шарты болады. Бұл - азаматтардың өзіңіздің басшылығыңызбен Қазақстанның қол жеткізген мол табыстарына деген ризашылық сезімі және олардың жаңа жеңістерге деген үміті.

Қазақстанның миллиондаған тұрғындары атынан бастамашы топ Сізге, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, үндеу жасап референдум өткізуге келісім беруіңізді сұрайды.

Халықтың ерік-қалауы Сіз үшін қасиетті саналады және Сіз ешкімге де халық пікірімен санаспауға, елеп-ескермеуіне жол бермейсіз. Сіз бар ғұмырыңызды халқыңызға және Отанымызға қызмет етуге арнап келесіз.

Халық мемлекетіміздің қалыптасуының осынау қиын-қиыстау жылдарында Сізді әрдайым қолдап, бұлжымай соңыңыздан ерді. Бүгінде яғни, еліміз үшін осынау тағдыршешті сәтте Сіз өз халқыңыздың бастамасын қолдайды деп сенеміз.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум өткізу жөніндегі бастамашы топ

2011 жыл, 12 қаңтар.