Президент өнеркәсіпке қатысты: Кейбір адамдар ахуалдың дәл осындай күйде болуына мүдделі ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Машина жасау саласына қажетті жабдықтар әлі күнге дейін шетелден әкелінеді. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент өнеркәсіпке қатысты: Кейбір адамдар ахуалдың дәл осындай күйде болуына мүдделі ме

«Біз әлі күнге дейін бірқатар өнім түрінен импортқа тәуелдіміз. Жыл өткен сайын еліміздің төлем балансында өткір тапшылық байқалуда. Алюминийден, мыстан жасалған дайын бұйымдар және машина жасау саласына қажетті жабдықтар әлі күнге дейін шетелден әкелінеді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша тек мұнай-газ және тау-кен машина жасау саласының импорты 4 млрд доллардан асты. Әлде, еліміздегі кейбір адамдар ахуалдың дәл осындай күйде болуына мүдделі ме?!», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент Үкімет бүкіл өнеркәсіп саласына терең талдау жұмысын жүргізуі тиіс екенін тапсырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент «Самұрық-Қазына» қоры мен ондағы шетелдік мамандарды сынады.