Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
Фото: Ақорда

Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар, 2024 жылғы электоралды компаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары баяндалды. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдағанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар