Президент пандемия туралы: Бұл – өтпелі қиындық, уақытша сынақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында Қазақстан халқын карантин режимін қатаң сақтап, тазалыққа мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.