17:49, 24 Шілде 2024 | GMT +5
Президент Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайтыны белгілі болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Президент кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесінде оның Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына сапары жоқ», — деді Берік Уәли.
Айта кетейік, бұған дейін Президенттің қысқа мерзімді еңбек демалысына шыққанын жазған болатынбыз.