10:58, 28 Қазан 2024 | GMT +5
Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді», — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павел мен барша чех халқына құт-береке тіледі.