Президент Путинге қоңырау шалды: тараптар алдағы бірлескен іс-шараларды қарастырды

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Президент Путинге қоңырау шалды: тараптар алдағы бірлескен іс-шараларды қарастырды
Фото: Ақорда

— Қазақстан Президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін атап өтті. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарвармен кездесті.