Президент 25–26 қарашада жұмыс сапарымен Мәскеуге барады

АСТАНА. KAZINFORM — 25–26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Президент Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барады
Фото: Ақорда

— Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.

Еске сала кетейік, ШЫҰ мерейтойлық саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі өткен болатын.