Президент республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы трансферттер туралы заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген және республикалық бюджет пен Астананың, Алматы қаласының және облыстардың бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастарды реттеуге бағытталған «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.

Президент республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы трансферттер туралы заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.