Президент «Родина» агрофирмасының өндірістік нысандарымен танысты

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы агроқұрылымның №1 сауын цехы мен сүт зауытына барды.

Президент
Фото: Ақорда

Мұнда «GEA» фирмасының «Елочка» қондырғысы орнатылған. Аталған құрылғының көмегімен бір мезгілде 32 сиырды қатар саууға мүмкіндік бар.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр серіктестіктің сүт бағытын дамыту жоспары туралы баяндады. Сонымен қатар жаңа сауын цехы салынып жатқанын жеткізді.