Президент Royal Dutch Shell plc компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Royal Dutch Shell plc компаниясының бас атқарушы директоры Бен ван Берденді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Royal Dutch Shell plc компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады

Мемлекет басшысына трансұлттық компанияның энергетика және мұнай-химия салаларындағы жобаларды жүзеге асыруы жөнінде мәлімет берілді.

– Shell кәсіпорны Қашаған, Карашығанақ, Каспий құбыр желісі консорциумы сияқты ірі жобаларға белсенді қатысуда. Сіздің Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысқаныңызға қуаныштымын. Бұл біздің ынтымақтастығымызға оң ықпал етеді, – деді Қазақстан Президенті.

Компания басшысы бірлескен жобаларды одан әрі жемісті іске асыруға сенім білдірді.

– Біз Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті жалғастыруды және міндеттемелеріміздің бәрін орындауды көздейміз. Алдағы уақытта еліңіздегі бірлескен жобалардың өндіру көрсеткіштерін арттыруды жоспарлап отырмыз, – деді Бен ван Берден.