Президент рухани сананы жаңғыртудың тағы бір тың жолын ұсынды - Ғ. Сарыбаев

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -   Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы төл мәдениетіміздің мәйегі болып саналады. Бұл пікірді «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев Төлендіұлы білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлт рухын асқақтатқан ұлы даланың қыры мен сырына жан-жақты тоқталып, ата-бабаларымыздың адамзат өркениетіне қосқан өлшеусіз үлесін айрықша атап көрсетті. Елдігіміздің баға жетпес еншісін ерекшелеп, ұлттық құндылықтарымыздың қайнарын қайта бір сусындатқандай осы құнды еңбек Елбасының терең толғамы, халқына жеткізгісі келген тағы бір парасатты пайымы іспеттес. Сондай-ақ, мақалада Елбасы тасқа басылған тарихымызды таразылап, терең зерттеуді қажет ететін ұлт мұрасын алға тартты. Біз өткеннен өнеге алып, болашағымызға батыл қадам басуымыз үшін бүгінгі ұрпақтың санасына бабалар қалдырған құнды мұрағатты сіңіруіміз керек»,- деді Ғалиасқар Сарыбаев.

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елбасының осыған дейін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өңірде көптеген игі істер атқарылғанын атап өтті. Бүгінгі мақала соның жалғасы іспетті екеніне тоқталды.

 «Ұлт Көшбасшысы рухани сананы жаңғыртудың тағы бір тың жолын ұсынды. Сондықтан мақалаға арқау етілген әр бастама -  біздің төл мәдениетіміздің мәйегі болып саналады. Елбасының жаңа мақаласы «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жаңа жобаларымен де үндес. Мысалы, «Білім орталықтары», «Шығармашыл зиялы қауыммен жұмыс», «Ардагерлерді ардақтайық», «Цифрлық партия» жобалары бүгінгі заманның талаптарын еліміздің ұлттық тәрбиесімен біртұтас қарап, өзегіне айналдырған жаңашыл бастамалар. Біз үшін маңызды көрсеткіштің бірі - еліміздің саяси тұрақтылығын сақтау, рухани байлығымызды байыптап, өскелең ұрпақ бойына жаңа заманда жігер беретін нағыз қазақы рухты дарыту. Осы мақсатымызды Партия Төрағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы да дөп басып, мақаласының өзегіне айналдырып отыр. Партиялықтар үшін мақаланың маңыздылығы аса жоғары. Себебі, біздің Саяси Доктринамыздың өзі адами құндылықтармен толысқан, тәрбие мен дәстүрдің арнасынан тағылым алған, адам мен оның бостандығын қадірлеуді басты назарға алған құжат»,- деп ойын қорытындылады Ғалиасқар Сарыбаев.

Соңғы жаңалықтар