Президент іс басқармасы қызметкерлері арасында тоғызқұмалақ ойынынан турнир басталды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елордада ҚР Президентінің Іс басқармасы мен бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің арасында тоғызқұмалақтан дәстүрлі турнир басталды.
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында ұйымдастырылып жатқан жарысқа ҚР Президенті Іс басқармасының, Медициналық орталықтың, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясының, Президенттік орталықтың, ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының, Автошаруашылықтың, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының, Инженерлік-техникалық орталықтың, Президент Телерадиокешенінің командалары жарысқа қатысып жатыр.
«Бүгін тоғызқұмалақ бойынша дәстүрлі турнирімізді өткізіп жатырмыз. Тоғызқұмалақ өте қызықты әрі терең ойлауды талап ететін, халқымыздың даналығын көрсететін ұлттық ойындардың бірі. Бұл ойын қазір елімізде кең тарап, дамып келеді. Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетке қазақ ұлтының қосқан үлесінің жарқын үлгісінің бірі. Бұл ретте, 2020 жылы тоғызқұмалақ ойыны ЮНЕСКО-ның адамзаттың мәдени мұрасы тізіміне енгізілгенін атап өткен жөн. Бүгін турнирге қатысуға 10 команда жиналып отыр. Қатысушыларға алғырлық, ұйқыр ой және сәтті ойын тілеймін!», - деді ҚР Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы Серік Кенжебаев.
Айта кетейік, былтыр күзде Президент іс басқармасы қызметкерлері тоғызқұмалақ ойнап жарысқан еді.