Президент Іс басқармасы жылды қорытындылады

президент іс басқармасы
Фото: Президент іс басқармасы

Президент Іс басқарушысы Айбек Дәдебаевтың айтуынша, биылғы жыл басқарма үшін іргелі бастамаларға, ауқымды жобаларға толы болған, деп хабарлайды Kazinform.

бурабай
Фото: Президент іс басқармасы

«Мемлекет басшысының өңірлер мен шетелдерге сапары, мәртебелі меймандарды күтіп алу сынды 250-ден астам маңызды іс-шараны ұйымдастыруға атсалыстық. Ішкі бизнес-процестер трансформациясы жалғасын тапты. Әлеуметтік қолдауға, қызметкерлердің алаңсыз еңбек етуіне барынша қолайлы жағдай жасауға, корпоративтік мәдениетті дамытуға баса көңіл бөлінді. 2023 жылы цифрландырудың арқасында жұмыс оңтайланып, тұтас құрылымдағы процестер ортақ арнаға түсіп, ашықтық артты. „Қызметкердің цифрлы профилі“ жобасы қолға алынды, ахуалды сараптау кешені айтарлықтай жетілдірілді. Сонымен қатар, „Smart Burabay“ жүйесінің үшінші кезеңі аяқталды. Оның аясында курорт аймағында қосымша 3 бақылау камерасы қойылды, қоршаған ортаға мониторинг жасайтын құрылғылар орнатылды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлем жасаудың ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық қаупін азайту үшін 5 бақылау-өткізу бекеті автоматтандырылды», — деп жазды Президент Іс басқарушысы Telegram парақшасында.

бурабай
Фото: Президент іс басқармасы
Президент іс басқармасы
Фото: Президент іс басқармасы

Парламентаризм институты Мәжіліспен және Сенатпен бірлесіп, еліміздің заң шығару жүйесін дамыту жолында жемісті жұмыс атқарды.

34 заң жобасының әзірленуі, 68 заң жобасына сараптама жасалуы — осының айқын көрінісі.

бүркіт
Фото: Президент іс басқармасы

«Бүркіт» авиакомпаниясының қызметкерлері Түркия, Ауғанстан және Палестинадағы гуманитарлық миссияларға белсене атсалысты.

бүркіт әуе компаниясы
Фото: Президент іс басқармасы

Жыл бойы Медорталыққа қарасты мекемелер «Өңірдегі» күндер» аясында жер-жердегі халыққа практикалық және консультациялық көмек беріп, күрделі операциялар жасады.

Облыстардағы әріптестеріне шеберлік сабақтарын өткізді, жаңа технологиялар трансфертімен айналысты.

медорталық
Фото: Президент іс басқармасы

Ядролық медицина орталығы онкологиялық дертті ерте әрі дәл диагностикалауға қолданылатын 4 радиофармпрепарат шығара бастады. Шипажайларға келген адам саны 30 мыңға жуықтап, кейінгі 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді.

тоқаев
Фото: Ақорда

«Бүгін ғана Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының жаңа ғимараты ашылғанын, оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы барғанын атап өткен жөн. Бұл орталықтың 6 зертханасында жүргізілетін зерттеулердің ауқымы анағұрлым кеңейеді, жылдам әрі дәл сараптама жасауға қол жеткізіледі. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша қазақы ит тұқымдары — тазы мен төбетті сақтау және көбейту ісі жолға қойылып, Қазақстан кинологтары одағы FCI-дың толыққанды мүшелігіне қабылдануын да табысты жобалардың бірі деп санаймын. Қорыта айтқанда, атқарылған жұмыс аз емес. Президент Іс басқармасы жүйесіндегі барлық мекемелер, барша қызметкерлер жемісті еңбек етті. Жылды жақсы көрсеткіштермен түйіндеуге Сіздердің әрқайсыңыз қомақты үлес қостыңыздар. Сол үшін шынайы ризашылығымды білдіремін! Келер жылы бұдан да ауқымды жоспарларды іске асырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін. Жаңа жылда баршаңызға мықты денсаулық, толағай табыс, әр шаңыраққа сарқылмас қуаныш пен ортаймас ырыс-несібе тілеймін. 2024 жыл жақсылықтың жаршысы болсын», — деп түйіндеді Айбек Дәдебаев. 

тазы
Фото: Президент іс басқармасы
медорталық
Фото: Президент іс басқармасы

 

Соңғы жаңалықтар