Президент іс басқармасы медорталығының мамандары Маңғыстау облысына барады

6-10 қарашада Маңғыстау облысында Президент іс басқармасы медицина орталығың күндері өтеді. Сапардың негізгі мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы жаңа медициналық технологияларды өңірлік медицина мекемелеріне енгізу, ауруларды алдын алуда, диагностикалауда және емдеуде қолданылатын заманауи әдістерді бөлісу, сондай-ақ ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты арттыру, деп хабарлайды Kazinform.

Медцентр УДП
Фото: Президент іс басқармасының медицина орталығы

JCI, ISO, GLP, GMP халықаралық стандарттарымен аккредиттелген медициналық орталық ауруханаларының білікті мамандары, оның ішінде нейрохирург, травматолог, уролог және тағы да басқалар аймақтың емдеу мекемелерінде шеберлік кластарын өткізіп, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операциялар жасайды.

Медцентр УДП
Фото: Президент іс басқармасының медицина орталығы

Дәрігерлер мына күндері Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында науқастарды қабылдайды: 

- 6 қарашада Сәкен Молдағалиев - жоғары санатты ортопед-травматолог дәрігер сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін консультация өткізеді;

- 7 қараша сол ауруханада Мыңжылқы Бердіқожаев - жоғары санатты нейрохирург дәрігер сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін пациенттерді қабылдайды;

- 8 қараша сағат 09:00-ден 12:00 аралығында Шарафуддин Азизов - жоғары санатты уролог дәрігері консультация жүргізеді.

удп
Фото: Президент іс басқармасының медицина орталығы

Сонымен қатар, медицина орталығының басқа ведомстволық қарасты ұйымдары – медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы қызметкерлері де өз бағыттары бойынша оқыту шаралары мен шеберлік сабақтарын өткізеді.

Медцентр УДП
Фото: Президент іс басқармасының медицина орталығы

Сапар барысында ҚР Президенті Іс басқармасының медицина орталығы мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

Медициналық орталықтың бұл бастамасы технологиялар трансфертін іске асыруға және өңірдегі дәрігерлерді оқытып, олардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы отандық медицинаның сапасын жақсартуға, халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Медцентр УДП
Фото: Президент іс басқармасының медицина орталығы

Осыған дейін медицина орталығының делегациясы Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласында болып қайтты.

тюркский мир
Фото: Президент іс басқармасының медицина орталығы
Медцентр УДП
Фото: Президент іс басқармасының медицина орталығы

 

Соңғы жаңалықтар