Президент Самарқанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 10-11 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Самарқанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

«Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады», - деп жазды БОРТ №1 Телеграм-арнасы.

Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.