Президент «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялардың акцияларын халық арасында тарату бағдарламасын дайындауды тапсырды

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мемлекет басшысы Үкіметке ұзақ уақыттан бері ойластырылып келген және алғаш рет жүзеге асырылғалы отырған «Самұрық-Қазына» қорына қарасты ұлттық компаниялардың акцияларын халық арасында тарату бағдарламасын дайындауды тапсырды.
None
None

Бұл тапмырманы Президент бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде берді.

«Биылғы жылдың соңына дейін «Самұрық энерго», «Кегок» және «Қазпошта» акционерлік қоғамдарыының акцияларын қор нарығына орналастыруды қамтамасыз ету керек. Ал келесі кезеңде, яғни 2012-2013 жылдары біз қор нарығына «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазатомөнеркәсіп» сияқты ұлттық компаниялардың акцияларын орналастыратын боламыз»,-деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар