Президент сайлауы-2022: Алматылықтар белсенді түрде дауыс бере бастады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Еліміздің маңызды оқиғасынан шет қалмай, өз таңдауын жасауға келген қала тұрғындарының көңіл-күйі көтеріңкі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда кезектен тыс президенттік сайлауға ұсынылған үміткерлерге дауыс беру басталды. Бүгін қаладағы учаскелер ашылмай жатып, өз таңдауын жасауға келген алматылықтардың қарасы қалың болды.

Алматыда алғашқы сайлау учаскесі таңғы сағат 6.00-де ашылды. Ал дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша сағат 7.00-де басталды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, өз даусын беруге келген қала тұрғындарының көңіл-күйі өте жақсы.

Солардың бірі Дина Дивеева.

«Бүгін ерекше күн. ҚР Президент сайлауы. Бұл саяси оқиға. Бұл біздің болшағымыз. Мен кешелі бері аталған науқанға дайындалдым. Алматыда жауын жауып тұр, соған қарамастан ең бірінші болып сайлау учаскесіне кірдім. Соның арқасында сыйлыққа ие болдым»,- дейді Алматы тұрғыны.

№ 254 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Бақытжамал Оспанованың айтуынша, сайлаушыларға барлық жағдай жасалған.

«Біздің сайлау учаскесінде 1799 адам тіркелген. Жалпы, 1817 бюллетень берілді. Төрт адам есептен шығару куәлігін алды. Алматылықтар таңмен таласа келіп, белсенді атсалысып жатыр. 10-нан астам байқаушы жұмыс істеуде. Барлық сайлау нормаларын қатаң қадағалаймыз», - дейді Бақытжамал Оспанова.


Соңғы жаңалықтар
telegram