Президент Сайлауы – 2022: Шетелдегі сайлау учаскелері қайда орналасқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдегі барлық сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Ең бірінші болып қазақстандықтар Жапония мен Кореяда дауыс беруге мүмкіндігі бар.

Токиода #261 және Сеулде #258 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.

«Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дәстүрлі түрде шетелдегі сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының дауыс беру барысын жария ету жұмысын бастайды. Шетелдегі барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру барысы туралы ақпарат біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызда жүйелі түрде берілетін болады»,-делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Дауыс беру құқығы бар 12 миллионға жуық азамат еліміздің алдағы болашағы үшін дауыс береді.


Соңғы жаңалықтар